Қазақстанның Тұңғыш Президенті інісі Болат Назарбаевты еске алып, құран бағыштап, ас берді

Тұңғыш Президент Нұрсұлтан Назарбаевқа көңіл айту үшін көрнекті мемлекет және қоғам қайраткерлері, дипломатиялық корпус өкілдері, шығармашылық зиялы қауым мен дін қайраткерлері келді.

Дереккөз:Dknews

Жиналған қауым алдында сөз сөйлеген Нұрсылтан Назарбаев жылы лебіздері мен шынайы тілектеріне алғысын білдірді.«Қабырғамыз қайысқан, біздің жанұямыздың қиыншылығын бірге көтеруге президентіміз Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтан бастап, өз азаматтарымыз да, көрші елдердің басшылары да көңілін айтып жатыр. Бәріне шын жүрегіммен ризашылығымды білдіремін», - деді Қазақстанның Тұңғыш Президенті.

Сондай-ақ Нұрсұлтан Назарбаев жиналғандарға тәуелсіз Қазақстанның қалыптасу тарихы туралы еске салып, бүгінгі күні Қасым-Жомарт Тоқаев жүргізіп жатқан реформалардың маңыздылығын атап өтті.

«Әр ұрпақтың өз жолы, өз міндеті бар. Келесі ұрпақ өз өзгерістерін әкеледі. Өзгеріссіз даму да болмайды, алға баса алмаймыз», - деді Қазақстанның Тұңғыш Президенті.

5
Контакты

Главный редактор: Мадина Жатканбаева

+7 777 471 71 40

777kakon@mail.ru

Мы в социальных сетях

© Свидетельство о постановке на учет периодического печатного издания, информационного агентства и сетевого издания №KZ15VPY00079493 выдано 19.10.2023