Бүгінде Қазақстанның оңтүстік өңірлеріндегі су қоймаларында 26,2 млрд текше метр су жиналған. Бұл былтырдың осы кезеңімен салыстырғанда 1 млрд текше метрге артық.
«Қазіргі вегетация кезеңіндегі болжамды жағдайды ескере отырып, ел бойынша 1,2 млн гектар суармалы жерді суару үшін шамамен 11 млрд текше метр су алу жоспарланып отыр, - деді ҚР СРИМ Су ресурстарын реттеу, қорғау және пайдалану комитетінің төрағасы Сейілбек Нұрымбетов ОКҚ алаңында өткен баспасөз конференциясында.
Оның айтуынша, суды әділ бөлу мақсатында оңтүстік өңірлер үшін биылғы вегетация кезеңіне су пайдалану лимиттері белгіленді. Атап айтқанда, Қызылорда облысына – 3,2 млрд текше метр, Алматы облысына – 2,1 млрд текше метр, Жетісу облысына – 1,8 млрд текше метр су лимиті қарастырылған. Жамбыл облысы бойынша су пайдалану лимиті 900 млн текше метрді, ал Түркістан облысы бойынша 3,8 млрд текше метрді құрайды.
Главный редактор: Мадина Жатканбаева
+7 777 471 71 40
777kakon@mail.ru
© Свидетельство о постановке на учет периодического печатного издания, информационного агентства и сетевого издания №KZ15VPY00079493 выдано 19.10.2023