Қайта өңдеу өнеркәсібін дамыту инвестициялық жобаларды белсенді іске асырумен қатар жүреді. Алдағы жылдары майлы дақылдарды қайта өңдеу саласында 94 млрд теңге сомасына 13 жоба іске асырылады. Астықты терең өңдеу бағытында жалпы инвестиция көлемі шамамен 1,9 трлн теңгені құрайтын 6 ірі жоба жоспарланған. Сүт саласында 41 млрд теңге сомасына 12 жоба іске қосылып, қосымша 165 мың тонна қайта өңдеу қуаты енгізіледі.
«Қайта өңдеу көлемінің өсуі елдің экспорттық әлеуетінің артуына тікелей әсер етеді. 2025 жылдың қорытындысы бойынша қайта өңделген өнім экспорты 3,6 млрд АҚШ долларын құрап, өткен жылмен салыстырғанда 35%-ға өсті. Жалпы алғанда агроөнеркәсіптік кешен өнімдерінің экспорты 7 млрд АҚШ долларына жетіп, өткен жылдың көрсеткішінен 37%-ға асты», - деді ҚР ауыл шаруашылығы вице-министрі Ербол Тасжүреков ОКҚ алаңында өткен баспасөз конференциясында.
Главный редактор: Мадина Жатканбаева
+7 777 471 71 40
777kakon@mail.ru
© Свидетельство о постановке на учет периодического печатного издания, информационного агентства и сетевого издания №KZ15VPY00079493 выдано 19.10.2023