Қазақстандықтар жылжымайтын мүлікті онлайн-форматта сатып алу-сату мәмілелерін жасай алады

Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Бағдат Мусин бүгінгі таңда мемлекеттік қызметтердің шамамен 93%-ы электронды түрде көрсетілетінін айтты. Өткен жылмен салыстырғанда смартфон арқылы көрсетілетін қызметтер саны 6 есеге өсті.

Министр бұған дейін азаматтарға жыл сайын 50 млн-ға жуық қағаз анықтама ұсыну қажет болғанын айтты. Алайда заманауи технологиялар арқылы бұл процесті цифрлық форматқа ауыстыру мүмкін болды. Оған қоса бүгінде жұмыс берушілер мен мектептердің бұрынғыша анықтамаларды талап ету фактілері орын алуда. Бұл мәселені 2024 жылы толығымен шешу жоспарланып отыр.

Премьер-Министрдің айтуынша, бүгінде мемлекеттік қызметтердің көбі электрондық форматта қолжетімді, атап айтқанда, оларды смартфондағы қосымшалардың көмегімен алуға болады. «Электрондық мемлекеттік қызмет көрсету – азаматтардың өмір сүру сапасын жақсартудың маңызды факторы. Процестерді цифрландыру мемлекеттік органдарға өтініш беру, анықтамалар алу сияқты қағазбастылықты барынша азайтуға мүмкіндік берді. Бұл – дебюрократизация ғана емес, сондай-ақ азаматтардың уақытын үнемдеу», — деді Әлихан Смайылов.

Сонымен қатар Үкімет басшысы ХҚКО-ға келушілер ондағы ұзын-сонар кезекке және ғимараттарда қолайлы жағдайлардың болмауына наразы екенін айтты. Атап айтқанда, ерекше қажеттіліктері бар азаматтар арнайы пандустар мен көтергіштердің болмауына байланысты кейбір ХҚКО-ға кіре алмайды.

«Бірыңғай байланыс орталығына қоңырау шалу өте қиын. Лицензиялар мен рұқсаттар алуға өтініш беру күрделі болғаны сонша, азаматтар консалтингтік компаниялар мен жеке тұлғаларға жүгінуге мәжбүр. Жалпы аталған жайттар атқарылып жатқан ауқымды жұмыстың тиімділігін төмендетіп жібереді. Сондықтан азаматтардың шағымдары мен ұсыныстарын бірден назарға алып, шұғыл шаралар қабылдау қажет», — деді Үкімет басшысы.

Осыған байланысты Премьер-Министр 2024 жылғы наурыз айының соңына дейін электрондық түрде болады деп мәлімделген мемлекеттік қызметтердің қалған түрлерін автоматтандыруды, сондай-ақ жүйелі түрде проактивті көрсетілетін қызметтер тізбесін кеңейтіп тұруды тапсырды. «Әрбір мемлекеттік қызметтің нақты жай-күйін тұрақты тексеріп тұру қажет. Оның оңай алынуына, деректердің дұрыстығына және олардың қауіпсіз сақталуына ерекше назар аудару керек. Жалпы халықтан сұралатын құжаттардың тізбесін оңтайландыру қажет», — деді Әлихан Смайылов.

Премьер-Министрің сөзінше, бизнес пен азаматтарға, оның ішінде ерекше қажеттіліктері бар адамдарға сапалы және уақытылы қызмет көрсетуге басымдық берілуі тиіс.

Дереккөз: ortcom

10
Контакты

Главный редактор: Мадина Жатканбаева

+7 777 471 71 40

777kakon@mail.ru

Мы в социальных сетях

© Свидетельство о постановке на учет периодического печатного издания, информационного агентства и сетевого издания №KZ15VPY00079493 выдано 19.10.2023