2026 жылғы өрт қаупі жоғары кезеңге дайындық аясында ҚР Төтенше жағдайлар министрлігімен бірлесіп «Өрт–2026» республикалық командалық-штабтық оқу-жаттығуы ұйымдастырылады. Оқу-жаттығудың тақырыбы – азаматтық қорғаудың мемлекеттік жүйесінің басқару органдары, күштері мен құралдарын 2026 жылғы өрт қауіпті кезеңдегі төтенше жағдайларды жоюға дайындау.
«Аталған оқу-жаттығуды мамыр айының соңында Қостанай облысы Алтынсарин ауданына қарасты Красный Кордон ауылы маңында өткізу жоспарланған. Іс-шара аясында Алтынсарин ауданындағы Докучаево ауылы мен Сарыкөл ауданындағы Урожайное ауылынан «Ауыл құтқарушылары» өрт сөндіру бекеттерін тарту көзделіп отыр», - деді ҚР ЭТРМ Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитеті төрағасының м.а. Мақсат Елемесов.
Главный редактор: Мадина Жатканбаева
+7 777 471 71 40
777kakon@mail.ru
© Свидетельство о постановке на учет периодического печатного издания, информационного агентства и сетевого издания №KZ15VPY00079493 выдано 19.10.2023