Қазақстанда Цифрландыру және жасанды интеллект жылы аясында мәдениет саласына цифрлық шешімдерді енгізу жұмыстары жалғасып жатыр. Бұл туралы ОКҚ алаңында өткен ҚР МАМ Мәдениет комитеті төрағасының орынбасары Шерхан Талап мәлімдеді.
Оның айтуынша, бүгінде сегіз тілде жұмыс істейтін Qazaq Culture платформасы Қазақстанның мәдени мұрасын халықаралық деңгейде насихаттауға бағытталған. Ал E-Museum виртуал желісі еліміздегі 286 музейдің дерегін біріктіріп, 65 мыңнан астам жәдігер мен 750-ге жуық 3D артефактіні қамтиды.
«Портал арқылы музей қорлары онлайн қолжетімді болып, жасанды интеллект көмегімен экспонаттарды автоматты сипаттау, аудару және іздеу мүмкіндіктері енгізілуде. Кино саласындағы ашықтықты қамтамасыз етіп, кассаға түсетін қаражатты толық цифрландыруға және нақты уақыт режимінде есеп жүргізуге бағытталған «е-Кино» жүйесі кезең-кезеңімен іске қосылуда», – деді спикер баспасөз конференциясында.
Главный редактор: Мадина Жатканбаева
+7 777 471 71 40
777kakon@mail.ru
© Свидетельство о постановке на учет периодического печатного издания, информационного агентства и сетевого издания №KZ15VPY00079493 выдано 19.10.2023