Егін жинау жұмыстары жоспарлы түрде жүріп жатыр. Шаруалар уақытылы техникамен, жанар-жағармаймен және тиісті қаржы ресурстарымен қамтамасыз етілді. Бұл туралы ОКҚ алаңында ҚР ауыл шаруашылығы вице-министрі Азат Сұлтанов хабарлады.
Оның мәліметінше, биыл жалпы егін жинау алаңы 23,6 млн гектарды құрады, оның ішінде 16 млн гектардан астамы дәнді және дәнді-бұршақты дақылдар.
«Жинау жұмыстары дер кезінде басталды, ал дәнді дақылдар бойынша науқан аяқталуға жақын. Ел бойынша 15,6 млн гектар немесе 88,6% дәнді дақылдар жиналды, орташа өнімділік 16,9 ц/га құрап, 26,6 млн тонна астық бастырылды. Осылайша, рекордтық көлемде өнім алу күтілуде», - деді спикер баспасөз конференциясы барысында.
Бүгінгі күні бидай 12 млн гектардан астам немесе 99% алаңнан жиналып, орташа өнімділік 16,5 ц/га деңгейінде 20 млн тоннаға жуық астық бастырылды.
Главный редактор: Мадина Жатканбаева
+7 777 471 71 40
777kakon@mail.ru
© Свидетельство о постановке на учет периодического печатного издания, информационного агентства и сетевого издания №KZ15VPY00079493 выдано 19.10.2023