Қазақстан мен Германия инвестициялық әріптестікті нығайтуда

Қазақстан Германиямен бірлесіп 22 кооперациялық жобаны іске асырды, тағы 22 инвестициялық жоба іске асырылуда, деп хабарлайды ҚР Өнеркәсіп және құрылыс министрлігі.

Германия Федеративтік Республикасының Эрфурт қаласында Қазақстан өнеркәсібі және құрылыс вице-министрі Олжас Сапарбековтің алғашқы жұмыс сапары басталды. Вице-министрмен бірге кездесулерге қазақстандық бизнес өкілдері де қатысуда.

Қазақстан мен Тюрингияның инвестициялық жобаларының ынтымақтастығына арналған іскерлік дөңгелек үстелде вице-министр Германияның өнеркәсіп салаларындағы жоғары инвестициялық белсенділігін атап өтті. Мысалы, Германиямен бірлесіп 22 кооперациялық жоба іске асырылды, оның ішінде Linde Group және Knauf компанияларымен, ал тағы 22 инвестициялық жоба іске асыру сатысында.

Іс-шара қорытындысы бойынша тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығында энергия тиімділігі, кәсіптік білім беру, жол инфрақұрылымы саласында төрт құжатқа қол қойылып, серіктестікке келісім жасалды. Сондай-ақ тараптар Қазақстанның Тюрингия Үкіметімен жұмыс тобын құру арқылы ынтымақтастықты жалғастыруға келісті.(Дереккөз:ortcom)

7
Контакты

Главный редактор: Мадина Жатканбаева

+7 777 471 71 40

777kakon@mail.ru

Мы в социальных сетях

© Свидетельство о постановке на учет периодического печатного издания, информационного агентства и сетевого издания №KZ15VPY00079493 выдано 19.10.2023