Қазақстан мен Армения президенттері «Астана» халықаралық қаржы орталығында болды

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев пен елімізге ресми сапармен келген Армения Президенті Ваагн Хачатурян «Астана» халықаралық қаржы орталығына барды.

АХҚО арқылы Қазақстан экономикасына тартылған инвестиция көлемі 13 миллиард доллардан асқан. Оның 5,9 миллиард доллары AIX биржасындағы портфельдік инвестиция болса, 7,3 миллиард доллары АХҚО-ға қатысушы компанияларға тиесілі. Бүгінде мұнда әлемдегі 80-нен астам елдің 3200-ге жуық компаниясы жұмыс істейді. Олардың қатарында ақпараттық-коммуникациялық технологиялар, қаржы қызметтері мен сақтандыру салаларына маманданған Арменияның 6 ірі компаниясы да бар.

Сонымен қатар АХҚО Соты мен Халықаралық төрелік орталығының қызметі, орталықтағы сот жүйесінің ерекшелігі жөнінде де ақпарат берілді. Бұдан бөлек, АХҚО қаржы қызметтерін реттеу комитетінің жұмысы туралы баяндалды. Аталған комитет пен Армения Республикасының Орталық банкі арасында Банк және сақтандыру қызметтерін, бағалы қағаздар нарығын қадағалау және реттеу саласындағы өзара іс-қимыл туралы меморандум жасалған.

10
Контакты

Главный редактор: Мадина Жатканбаева

+7 777 471 71 40

777kakon@mail.ru

Мы в социальных сетях

© Свидетельство о постановке на учет периодического печатного издания, информационного агентства и сетевого издания №KZ15VPY00079493 выдано 19.10.2023