ҚР СИМ Техникалық реттеу және метрология комитеті төрағасының міндетін атқарушы Бауыржан Қасымовтың айтуынша, Қазақстан калибрлеу және өлшеу мүмкіндіктері (КӨМ) бойынша Орталық Азия елдерінің ішінде 1-орынды, ал CIPM MRA-ға қатысушы 112 елдің ішінде 45-орынды алады. ІІМ және ТЖМ-мен бірлесіп мемлекет реттейтін өлшеулердің тізімдері (қозғалыстың орташа жылдамдығы, өнеркәсіптік қауіпсіздік) жаңартылды. Алғашқы атом электр станциясының құрылысын метрологиялық сүйемелдеу басымдықтардың бірі ретінде анықталды – EPCM-келісімшартқа енгізу үшін талаптар дайындалды.
«Халықаралық ынтымақтастық шеңберінде ISO Бас хатшысы Серхио Мухиканың 2025 жылдың қазан айында Қазақстанға ресми сапары маңызды кезең болды. Қол жеткізілген шарттарды дамыту мақсатында Қазақстан 2026 жылы ISO Кеңесіне және ISO Техникалық басқару бюросына (TMB) 2027–2029 жылдарға арналған кандидатураларды ұсынды. Бұл елімізге халықаралық стандарттау саласындағы саясатты қалыптастыруға және стартегиялық шешімдер қабылдауға қатысуға, сондай-ақ ұлттық мүдделерді ілгерілетуге мүмкіндік береді», - деді спикер ОКҚ алаңында өткен баспасөз конференциясында.
Главный редактор: Мадина Жатканбаева
+7 777 471 71 40
777kakon@mail.ru
© Свидетельство о постановке на учет периодического печатного издания, информационного агентства и сетевого издания №KZ15VPY00079493 выдано 19.10.2023