Қазақстан иммундау жүйесін нығайтуда айтарлықтай прогресс көрсетіп отыр – ДДСҰ-ның ҚР-дағы өкілі

Бүгінгі таңда вакциналар – кез келген жастағы өмір сүру сапасын қолдаудың ең сенімді құралы. Әлемдік статистикаға сәйкес, соңғы жарты ғасырда вакциналау миллиондаған адамның өмірін сақтап, нәрестелер өлімінің 40%-ға төмендеуін қамтамасыз етті. ДДСҰ Еуропалық өңірінің 53 елінде полиомиелиттен бос мәртебесі сақталып отыр. Мұндай мәліметтерді ОКҚ-да өткен дөңгелек үстел барысында ДДСҰ-ның Қазақстандағы елдік кеңсесінің иммундау бағдарламасының үйлестірушісі Қанат Суханбердиев мәлімдеді.

«Қазақстан иммундау жүйесін нығайтуда таңғаларлық прогресс көрсетуде. Біз полиовирусты тежеп қана қоймай, зертханалық бақылау мен биоматериалдарды сақтау процедураларын қауіпсіздіктің жаңа деңгейіне көтеріп жатырмыз», – деді спикер.

Оның айтуынша, Қазақстанның тәжірибесі елден тыс жерлерде де дамудың катализаторы болып табылады. Оған 2025 жылдың қазан айында Тәжікстанда АПВ-ға (адам папилломавирусы) қарсы екпенің енгізілуі жарқын мысал болды.

4
Контакты

Главный редактор: Мадина Жатканбаева

+7 777 471 71 40

777kakon@mail.ru

Мы в социальных сетях

© Свидетельство о постановке на учет периодического печатного издания, информационного агентства и сетевого издания №KZ15VPY00079493 выдано 19.10.2023