Ақтаулық блогер отбасы баласына Роналдо деген есім қойды.
Сәбидің анасы, блогер Әсел Ерімбетова баланың туу туралы куәлігін көрсетіп, баланың есімін растады.
"Есімнің ұлты болмайды, есімнің салмағы болады. Роналдо – еңбек, тәртіп, жеңіс, әлемге танылу деген символ. Біз балаға жай ат емес, ниет қойдық. Біреу батырдың атын қояды, біреу атасының атын, ал біз ұлымыз әлемдік деңгейде жүрсін, шекарасы тар болмасын деп қойдық. "Қазақша ат табылмады ма?" дейтіндерге айтарым:Қазақтың рухы атында емес, тәрбиесінде. Ал мен ұлымды нағыз қазақ қылып өсіремін, уайымдамаңыздар", – деп жазды Әсел.
Желі қолданушылары сәбидің есімін қызу талқылап жатыр.
"Қандай ерекше есім", "Қазақ еліне +1 Роналдо", "Биыл футбол жылы болды. Өте дұрыс қойылған ат", "Қазақша ат табылмады ма?", – деп жазды көпшілік.
Главный редактор: Мадина Жатканбаева
+7 777 471 71 40
777kakon@mail.ru
© Свидетельство о постановке на учет периодического печатного издания, информационного агентства и сетевого издания №KZ15VPY00079493 выдано 19.10.2023