Кино жұлдызы 161 келі салмақтан 156 келіге түскен.
Рамазан Амантай журналист Жанар Байсемізге сұхбат берді.
"Қалай салмақ қосып алғанымды сезбей қалдым. Бірақ өзіме қиын болып кеткені рас. Бәрі сол 100 келіден асқанда басталды. Бірақ ол кезде қатты бір сын болмады. Жалпы, мен сауық сайран құрғанды жақсы көремін. Аз қимылдаймын. Ішімдік ішпеймін деп періште болмай-ақ қояйын. Сол үшін де семіріп алған сияқтымын. Қатты толғанда көрермен тарапынан хейт кете бастады. Ауыр сөздер жазылды. Оған да иммунитет қалыптасты. Отбасымдағылар қатты уайымдап, қынжылып кетті. Сондықтан көрермендерге отбасым үшін артық нәрсе жазбауды сұраймын», – деді кино жұлдызы.
Актердің сөзінше артық салмақ күнделікті өмір сүруге де қиындық келтірген.
"Мен өзі үлкен додаға ерте кіріп кеттім деп ойлаймын. Продюсерлік жолға түстім. Оның да бір машақаты көп. Ақталды деп ойлайтын шығар. Күніге 100 мәселемен оянғанда, тіпті салмағыңа мән бермейсің. Кейде алаяқтарға тап боласың. Осыдан бір апта бұрын 161 келі болып жаттығу залына кірген едім. Қазір 156 келіге түстім. Сонда бес килограмм тастадым. Басында 70 килограмм болғанмын. Жыл сайын оннан қосып отырғанмын. Өзіме қатты қиын болып кетті. Аяқ киім кие алмаймын. Ұнатқан киімімді кие алмаймын. Түнгі ұйқы мүлдем берекесіз. Кейін халықтың айтуымен түрлі көріпкел, емшілер жаза бастады. Өзім шариғатқа сай адамға бардым. Ол кісі дуаланғансың деді. Сыртқы күштердің әсері бар деді. Өз басым психологқа бармаймын. Әйелім де көндіре алмай жүр. Оларға барсам, күліп қоятын сияқтымын, – деді актер.
Фото: Сұхбаттан скриншот
Главный редактор: Мадина Жатканбаева
+7 777 471 71 40
777kakon@mail.ru
© Свидетельство о постановке на учет периодического печатного издания, информационного агентства и сетевого издания №KZ15VPY00079493 выдано 19.10.2023