Биыл Түркістан облысында қосымша 20 елді мекенге жаңадан ауыз су құбыры салынады, 11 елді мекеннің тозығы жеткен су жүйелері жаңартылады.
Нәтижесінде қамту деңгейі 88,6%-ға жетеді. Қалған елді мекендерді алдағы 3 жылда толық қамту жоспарлануда, деді өңір әкімі Дархан Сатыбалды ОКҚ алаңында өткен баспасөз конференциясында.
Сонымен қатар 63 нысанның құрылысы аяқталып, қосымша 52 елді мекен табиғи газға қосылуға мүмкіндік алады. Нәтижесінде, жалпы газбен қамтылған елді мекендер саны 517-ге жетеді.
«Елді мекендердің 98%-ы орталықтандырылған электр желісімен қамтылған. 5 жылда облыстың 214 елді мекені сапалы электр қуатымен қамтамасыз етілсе, биыл қосымша 47 елді мекен қосылады. Облыста электр қуаты тапшы, жалпы қажеттілік 320 МВт-ты құраса, оның 80%-ы сыртқы көздерден тасымалданады. Осы мәселені шешу үшін, «Самұрық-Қазына» қорымен бірлесіп, қуаттылығы 1 мың МВт-ты құрайтын бу-газ қондырғы станциясын салу жоспарланған. Нысан үшін жер учаскесі белгіленіп, құрылыс жұмыстары басталды», - деді аймақ басшысы.
Дереккөз: ortcom
Главный редактор: Мадина Жатканбаева
+7 777 471 71 40
777kakon@mail.ru
© Свидетельство о постановке на учет периодического печатного издания, информационного агентства и сетевого издания №KZ15VPY00079493 выдано 19.10.2023