Ауыл шаруашылығы шикізатының шамамен 35% жергілікті кәсіпорындарда қайта өңделеді – Б.Исабаев

Биыл Жетісу облысының агроөнеркәсіп кешенін дамытуға 32 млрд теңге бағытталды, оның 25,5 млрд теңгесі – субсидиялар. Бұл туралы ОКҚ алаңында өткен баспасөз конференциясында Жетісу облысының әкімі Бейбіт Исабаев хабарлады.

«Дәнді дақылдар 324 мың гектарға себіліп, 870 мың тонна астық жиналды , орташа өнімділігі гектарына 25 центнер. Бұл республика бойынша жоғары көрсеткіштердің бірі. Биыл жалпы жиналған дәнді дақылдар өнімінің көлемі бойынша Жетісу облысы республикада Қостанай, Солтүстік Қазақстан және Ақмола облыстарынан кейін алғаш рет 4-ші көрсеткішке ие болып отыр. Алдағы екі-үш жыл көлемінде өңірде 1 млн тонна дәнді дақыл жинауға толық мүмкіндік бар», - деді облыс әкімі.

Оның айтуынша, мал басының барлық түрлері – ет, сүт өндірісінің өсімі қамтамасыз етілді. Төрт түліктің саны 3,2 млн басқа жетті. Жетісуда 120 ауыл шаруашылығы өнімін өңдеу кәсіпорны жұмыс істейді, олар 10 айда 70 млрд тг азық-түлік өндірді, бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 25%-ға артық. Өңірдегі ауыл шаруашылығы шикізатының шамамен 35% облыстағы кәсіпорындарда қайта өңделеді, деді спикер.

Дереккөз: ortcom

7
Контакты

Главный редактор: Мадина Жатканбаева

+7 777 471 71 40

777kakon@mail.ru

Мы в социальных сетях

© Свидетельство о постановке на учет периодического печатного издания, информационного агентства и сетевого издания №KZ15VPY00079493 выдано 19.10.2023