Ауылға барған медицина мамандарына әлеуметтік қолдау көрсетіледі

ҚР денсаулық сақтау вице-министрі Тимур Мұратовтың айтуынша, ауылдық денсаулық сақтау нысандарына 1009 медициналық қызметкер жұмысқа орналастырылды. Спикер өңірлердегі кадрлық қамтамасыз ету мәселесіне, әлеуметтік қолдау шараларына баса назар аударды.

«Дипломмен ауылға!» бағдарламасы аясында медицина қызметкерлеріне әлеуметтік қолдау шаралары көрсетілуде. Сонымен қатар жас мамандар көтерме жәрдемақы, ең төменгі пайыздық мөлшерлемемен тұрғын үйге несие, еңбекақыға қосымша төлемдер және әртүрлі әлеуметтік қолдау түрлерін қоса алғанда, елеулі жеңілдіктер алады», - деді Т. Мұратов ОКҚ алаңында өткен баспасөз конференциясында.

Сондай-ақ, 2024 жылдан бастап ауылға барған тапшы мамандық иелеріне 100 ең төменгі жалақы мөлшерінде – 8,5 миллион теңге біржолғы ақшалай төлем қарастырылған. Бұған қоса, 2026 жылы кадр тапшылығы өте жоғары өңірлерде дәрігерлерді тұрғын үймен қамтамасыз ету мәселесі қарастырылып жатыр.

172
Контакты

Главный редактор: Мадина Жатканбаева

+7 777 471 71 40

777kakon@mail.ru

Мы в социальных сетях

© Свидетельство о постановке на учет периодического печатного издания, информационного агентства и сетевого издания №KZ15VPY00079493 выдано 19.10.2023