Аудандық онкологтарды онкологиялық диспансерлердің қарамағына жіберу жоспарда бар

ОКҚ-да өткен баспасөз конференциясында онкопациенттерге медициналық көмектің қолжетімділігі мен сапасын арттырудың жоспарланған шаралары туралы ҚР Денсаулық сақтау вице-министрі Ержан Нұрлыбаев хабарлады.

«Әр өңірде онкологиялық диспансерлер жұмыс істейді. Біз аудандық онкологтарды онкологиялық диспансерлердің қарамағына жібергіміз келеді. Бұл жекелеген өңірлерде онкологиялық қызметтің бірыңғай желісін құруға ықпал етеді және тиімді емдеуге, скринингтік зерттеулерді жүргізуге ықпал етеді», - деді спикер.

Қазақстанда скринингтік бағдарламалар, оның ішінде тоқ ішек, асқазан, өңештің қатерлі ісіктерін скринингтік тексеру жүргізіледі. Эндоскопиялық орталықтарды ашу бағдарламасы шеңберінде онкологиялық ауруды анықтап қана қоймай, ісік ауруларын уақытылы емделетін болады.

«Онкологиялық қызмет республикалық ақпараттық жүйелермен интеграцияланатын бір медициналық өңірлік ақпараттық жүйе шеңберінде жұмыс істейтін болады, осылайша, автоматты түрде ақпаратпен алмасу жүргізіледі», - деп толықтырды Денсаулық сақтау министрлігінің өкілі.(Дереккөз:ortcom)

12
Контакты

Главный редактор: Мадина Жатканбаева

+7 777 471 71 40

777kakon@mail.ru

Мы в социальных сетях

© Свидетельство о постановке на учет периодического печатного издания, информационного агентства и сетевого издания №KZ15VPY00079493 выдано 19.10.2023