Атырауда заң талабын бұзған екі кәсіпорынға 735 млн теңгенің айыппұлы салынды. Кәсіпорынның бірі бәсекелестікті қорғау заңнамасын, ал екіншісі ҚР Кәсіпкерлік кодексінің 174-абының бірнеше тармағын бұзғаны анықталған.
Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінің Атырау облыстық департаменті басшысының орынбасары Әсел Әдиеваның айтуынша, бәсекелестікті қорғау саласындағы заңнаманы бұзуға байланысты кәсіпкерлерге үш хабарлама жолданған. Қазір деректі тексеру аяқталған. Ал, бес деректі тексеру уақытша тоқтатылып, екі іс бойынша тергеу жүріп жатыр.
“Атырау облысының мамандандырылған табиғат қорғау прокуратурасымен бірге «РТИ-АМӨЗ» ЖШС-ға тексеру жүргізілді. Тексеру кезінде монополиялық жағдайды теріс пайдаланып, бәсекелестікті қорғау заңнамасын бұзу дерегі анықталды. Сол себептен аталған серіктестік әкімшілік жауапкершілікке тартылып, 73 млн теңгеден астам монополиялық кірісті, 411 млн теңгеден астам айыппұлды мемлекет пайдасына толық көлемде өндірді”-,деп хабарлады Әсел Әдиева.
Оның дерегіне сүйенсек, мұндай заңбұзушылық «Вatys Trans Group» ЖШС-нің іс-әрекетінен де анықталған.
Осыған байланысты көлік прокуратурасының ұсынысымен серіктестікке қатысты әкімшілік құқық бұзушылық жөнінде іс қозғалған. “Атырау облыстық прокуратурамен бірге «Сұйытылған мұнай газын сақтау паркі» ЖШС-ның қызметіне тексеру жүргізілді. Бұл серіктестік Кәсіпкерлік кодексінің 174-бабының 2, 9, 10-тармақтарын бұзған. Тексеру қорытындысымен серіктестікке Әкімшілік құқық бұзу кодексінің 159-бабының 3-бөлігі 1-тармағына сәйкес әкімшілік хаттама толтырылды. Атырау облыстық мамандандырылған әкімшілік сотының қаулысымен серіктестікке 324 млн теңгеден астам айыппұл салынды”-, деп мәлім етті Әсел Әдиева.
Дереккөз:kaz.inform
Главный редактор: Мадина Жатканбаева
+7 777 471 71 40
777kakon@mail.ru
© Свидетельство о постановке на учет периодического печатного издания, информационного агентства и сетевого издания №KZ15VPY00079493 выдано 19.10.2023