Атырау әкімдігінің қызметкеріне пара алғаны үшін 3 млн теңге айыппұл салынды

Атырау қалалық әкімдігінің қызметкеріне пара алғаны үшін 3 млн теңге айыппұл салынды. Ол енді мемлекеттік қызметте жұмыс істеу құқығынан өмір бойына айырылды.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Атырау облыстық департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, қалалық кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлімінің лауазымды тұлғасына қатысты қылмыстық іс тергелген.

«Мемлекеттік қызметші арнайы техниканы жедел тіркегені үшін жүйелі негізде 87 мың теңге көлемінде пара алған. Атырау қалалық №2 сотының үкімімен оған мемлекеттік қызметте жұмыс істеу құқығынан өмір бойына айыра отырып, 3 млн теңге мөлшерінде айыппұл салынды. Айыппұл мөлшері – пара сомасынан 35 есеге көп», - деп хабарлады департаменттің баспасөз қызметі.

Сондай-ақ, бағынышты қызметкеріне ведомстволық бақылау жүргізбеген Атырау қалалық кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлімінің басшысы тәртіптік жауапкершілікке тартылды. Бөлім басшысына сөгіс берілген. «Әкімдікке лауазымды тұлғалардың тәртіптік жауапкершілікке тартумен қатар сыбайлас жемқорлық тәуекелін жою бойынша ұсыныс жолданды. Қылмыстық құқық бұзушылық жасауға ықпал еткен мән-жайларды жою жөнінде ұсыныс берілді», - деп баспасөз қызметінің департаменті мәлімдеді.

Дереккөз: kazinform

5
Контакты

Главный редактор: Мадина Жатканбаева

+7 777 471 71 40

777kakon@mail.ru

Мы в социальных сетях

© Свидетельство о постановке на учет периодического печатного издания, информационного агентства и сетевого издания №KZ15VPY00079493 выдано 19.10.2023