Мемлекет басшысы Тәжікстан Президентін туған күнімен құттықтап, бауырлас тәжік халқының игілігі жолындағы жауапты мемлекеттік қызметіне табыс тіледі.
Қасым-Жомарт Тоқаев Эмомали Рахмонның тәуелсіз Тәжікстан мемлекетінің қалыптасуына, бейбітшілік пен келісімді орнықтыруға, елдің ұзақмерзімді дамуына қосқан тарихи үлесін атап өтті.
Қазақстан Президенті Тәжікстан көшбасшысының екі мемлекет арасындағы ғасырлардан тамыр тартатын достық пен өзара қолдауға негізделген стратегиялық серіктестікті және одақтастықты нығайтудағы рөліне жоғары баға берді.
Әңгімелесу барысында Қасым-Жомарт Тоқаев пен Эмомали Рахмон екіжақты ынтымақтастықтың даму қарқынына көңіл толатынын жеткізді. Сондай-ақ мемлекетаралық ықпалдастықтың барлық бағыты бойынша қазақ-тәжік байланысын кеңейтудің маңызына тоқталды.
Мемлекеттер басшылары халықаралық және өңірлік күн тәртібіндегі өзекті мәселелер бойынша пікір алмасып, алдағы кездесулер кестесін талқылады.
Главный редактор: Мадина Жатканбаева
+7 777 471 71 40
777kakon@mail.ru
© Свидетельство о постановке на учет периодического печатного издания, информационного агентства и сетевого издания №KZ15VPY00079493 выдано 19.10.2023