Алматы облысында «Жайлы мектеп» ұлттық жобасы бойынша 53 мектеп салынады

2023 жылдың басында өңірде 52 үшауысымды мектеп болды. Биыл 14 мың орынға арналған 10 мектеп тапсырылды. Бесеуі жыл соңына дейін беріледі. Келер жылы үшауысымды мектептер саны 39-ға дейін қысқарады. Өңір әкімі Марат Сұлтанғазиевтің мәліметінше, «Жайлы мектеп» ұлттық жобасы бойынша 2024-2025 жылдары 53 мектеп салынады. Бүгінде 26-сының құрылысы басталды. Осының нәтижесінде үшауысымды мектеп мәселесі шешіледі.

«Табысты 50 мектеп» атты бірегей жобаны жүзеге асыру үшін жергілікті бюджеттен 756 млн теңге бөлінді. 50 мектептің 3,8 мың ұстазы біліктілігін арттыру курстарынан өтіп, 58 мыңнан астам оқушы кешенді оқумен қамтылды. Жоба аясында «Қазақстан халқына» қорының қолдауымен 50 мектепке 1,5 млрд теңгеге физика, химия және биология пәндерінің 150 зертхана кабинеті жабдықталуда», - деп хабарлайды.

Денсаулық сақтау саласында да оң өзгерістер бар. 10 айда жалпы өлім-жітім 5,6%-ға, қатерлі ісіктерден болатын өлім-жітім 2,1%-ға азайды. Ана өлімі тіркелмеген. «Ауылдық денсаулық сақтауды жаңғырту» ұлттық жобасы аясында 38 медициналық нысан салу көзделуде. Қонаев қаласында 800 төсек-орындық көпбейінді аурухана, 500 келушіге арналған емхана, қалалық аурухана жанындағы инфекциялық блок салу жоспарланған.

Дереккөз: ortcom

9
Контакты

Главный редактор: Мадина Жатканбаева

+7 777 471 71 40

777kakon@mail.ru

Мы в социальных сетях

© Свидетельство о постановке на учет периодического печатного издания, информационного агентства и сетевого издания №KZ15VPY00079493 выдано 19.10.2023