Алматы облысында маятниктік миграция мәселесін шешу үшін еңбек ресурстарын қалдыру қолға алынды

Өңір әкімі Марат Сұлтанғазиевтің айтуынша, өндірістерді өңірде орналастыру мақсатында аумағы 1,3 мың гектар болатын 4 индустриялдық аймақ дамытылуда. Атап айтқанда, Жамбыл, Іле, Талғар, Еңбекшіқазақ аудандарында. Инфрақұрылымы дайын жерлерде зауыттар ашылуда.

«Талғар ауданындағы «Қайрат» индустриалдық аймағында 88 млрд теңге инвестиция тарту арқылы 1782 жұмыс орны ашылады. Алғашқы зауыттар салынып бітті, осы айда жұмыстарын бастайды. Іле ауданындағы «Береке» аймағында да мекемелер салынып, жер толық инвесторларға берілді. Бұған қоса «Жетіген» атты тағы бір индустриялдық аймақ құру жоспарлануда. Оның мақсаты – Алматының айналасында логистикалық орталықтар мен жүк қоймаларын салу арқылы көлік инфрақұрылымына жүктемені азайту. Бұл ретте «Жетіген» - «Қазбек бек» теміржол желісін тарту басталды», - деді спикер ОКҚ алаңында өткен баспасөз конференциясында.

Сонымен қатар Қазақстан мен Қытай арасында жүк тасымалын арттыру мақсатында Қалжат өткізу пункті жаңғыртылуда. Нәтижесінде тәулігіне 300 автокөлік өткізіледі.

Дереккөз: ortcom

10
Контакты

Главный редактор: Мадина Жатканбаева

+7 777 471 71 40

777kakon@mail.ru

Мы в социальных сетях

© Свидетельство о постановке на учет периодического печатного издания, информационного агентства и сетевого издания №KZ15VPY00079493 выдано 19.10.2023