Қалада туберкулез бойынша эпидемиологиялық жағдай тұрақты. 2025 жылдың 8 айында туберкулезбен сырқаттанушылықтың 23,02% - ға төмендеуі байқалады. Туберкулезбен алғаш анықталған 276 науқас анықталды (2024 жылдың ұқсас кезеңінде - 350 жағдай), 100 мың тұрғынға шаққандағы сырқаттанушылық көрсеткіші - 11,75, өткен жылдың ұқсас кезеңінде - 15,27.
Сырқаттанушылық құрылымында тыныс алу органдарының туберкулезі басым болып келеді - 86,23% (238 жағдай). Тыныс алу органдарының туберкулезімен ауыратын науқастардың жалпы санының - 34,45% (82 жағдай) ашық түрдегі туберкулез жағдайлары.
2024 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 14 жасқа дейінгі балалар арасында туберкулезбен сырқаттанушылық бір деңгейде. Осы контингенттің 100 мың тұрғынына шаққанда балалар арасындағы сырқаттанушылық көрсеткіші 2024 жылы 1,95 (11 жағдай) қарсы 1,95 (11 жағдай) құрайды.
Сонымен қатар, жасөспірімдер арасында туберкулезбен сырқаттанушылығының 3,2 есе өсуі байқалады, 100 мың тұрғынға шаққандағы сырқаттанушылық көрсеткіші - 9,56 (12 жағдай), ал 2024 жылы - 2,99 (5 жағдай).
Туберкулез - ауру адамнан сау адамға жұғатын жұқпалы ауру. Аурудың қоздырғышы туберкулездің микобактериясы. Инфекцияның негізгі көзі - туберкулездің белсенді түрімен ауыратын науқас, ол жөтелгенде немесе түшкіргенде қақырық және басқада бөлінділер арқылы туберкулез таяқшаларын сыртқы ортаға бөледі.
Туберкулез инфекциясының негізгі жұғу жолы - ауа арқылы. Науқас адамның жөтелу кезінде қақырықтың (сілекей) аса кішкентай, көзге көрінбейтін, 2 метрге дейінгі қашықтыққа таралатын ерекше «аэрозольдер» пайда болады. Науқас күніне 7 миллиардқа дейін туберкулез таяқшаларын аэрозоль түрінде қоршаған ортаға шығарады, олардың кейбіреулері еденге немесе жергетүсіп, ұзақ уақыт сақталады.
Туберкулезбен ауыратын науқас гигиеналық ережелерді сақтамаса, қақырықты тікелей еденге немесе жерге түкіреді. Туберкулездің микобактериялары шаңмен (бөлмелерді тазалау кезінде (құрғақ сыпыру), ауамен араласып, тыныс алу жолдары (мұрын, кеңірдек, трахея, бронхтар) арқылы адамның өкпесіне тікелей түседі.
Туберкулез ауруының негізгі клиникалық белгілері:
Диагностикалық тұрғыдан аса маңызды белгілерінің бірі - 3 апта бойы қайтпайтын жөтел, қақырық тастау, дене салмағын жоғалту болып табылады. Бірақ осы көрсетілген белгілер туберкулез ауруына ғана тән емес, басқада кеуде қуысының ауруларының белгілеріне де ұқсас болуы мүмкін, сондықтан осындай белгілер пайда болған жағдайда дәрігерге қаралу керек.
Осы аурудың алдын алудың басты шарттары:
Балаларды ерте кезде екпемен қамту оларды туберкулездің ауыр түрлерінен қорғайды.
Спикер:Қалықова Әсел Тоқанқызы
Главный редактор: Мадина Жатканбаева
+7 777 471 71 40
777kakon@mail.ru
© Свидетельство о постановке на учет периодического печатного издания, информационного агентства и сетевого издания №KZ15VPY00079493 выдано 19.10.2023