Алғашқы әскери дайындық бағдарламасына жаңа бөлімдер енгізіледі

Білім беру ұйымдарында әскери іс негіздерін оқытудың міндетті пәні – бастапқы әскери және технологиялық дайындық болып табылады. Бүгінгі таңда Мәжіліс депутаттары бастапқы әскери және технологиялық дайындық пәнінің оқытушыларына қойылатын талаптарды күшейту бойынша ұсыныстар енгізді. Атап айтқанда, олар әскери қызмет өткеру немесе әскери кафедрада оқу тәжірибесінің болуы міндетті деп тануды ұсынуда. Осыған байланысты, қолданыстағы заңнамаға өзгерістер мен толықтырулар енгізу жұмыстары жүргізілуде. Қазіргі уақытта заң жобасы Мәжілісте қаралуда және бірінші оқылымнан өтті. ҚР Қорғаныс министрлігі Әскери білім және ғылым департаментінің бастығы полковник Мұрат Олжабаев ОКҚ брифингінде деді.

«Қорғаныс министрлігі «Бастапқы әскери және технологиялық дайындық» пәнінің оқу бағдарламасын «Отан қорғаушы» деп өзгерту жөнінде пилоттық жоба ұсынды. Сонымен қатар осы пәннің тақырыптық жоспары әзірленді. Жаңа оқу бағдарламасына мынадай бөлімдер енгізіледі: Мемлекеттің қауіпсіздігі мен қорғанысының құқықтық негіздері, Қарулы Күштер және Әскери доктрина, Әскери дайындық негіздері, Әскери қызмет негіздері, Ақпараттық қауіпсіздік негіздері, Әскери роботтар және жасанды интеллект, Өмір қауіпсіздігінің негіздері, Оқу-дала модулі», - деді спикер.

«Отан қорғаушы» пәнінің жаңа оқу бағдарламасын енгізу 2026–2027 оқу жылдарына жоспарланған. Қазіргі уақытта ол Оқу-ағарту министрлігінде талқылау кезеңінде.

283
Контакты

Главный редактор: Мадина Жатканбаева

+7 777 471 71 40

777kakon@mail.ru

Мы в социальных сетях

© Свидетельство о постановке на учет периодического печатного издания, информационного агентства и сетевого издания №KZ15VPY00079493 выдано 19.10.2023