Қайта-қайта кезекке тұрып, мемлекеттен бір емес, бірнеше пәтер алып жатқандар бар - министр

Бүгін Мәжілістің жалпы отырысында «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне тұрғын үй саясатын реформалау мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасы бірінші оқылымда мақұлданды.

Мәжілісте бірінші оқылымда мақұлданған жаңа заң жобасына баспана кезегіне тұратындардың кейінгі 10 жылда ешқандай үй-жайы болмасын деген талап енгізілді. Қазіргі қолданыстағы заңнамаға сәйкес кезекке тұру үшін 5 жыл ішінде тұрғын үйі болмауы қажет.

«Баспана аларда тұрғындар тек бір рет мемлекеттік қолдауды пайдалануы керек. Өйткені бізде ұзын-сонар үлкен кезек бар. Егер адамдар мемлекеттен қолдау алған болса, олар екінші рет өтініш бермеуі керек. Бірақ жағдайдың түрлі дәрежеде өрбуі мүмкін екенін түсініп отырмыз, сондықтан бұл шектеуді 10 жыл деп белгіледік. Егер сіз мемлекеттен көмек алған болсаңыз, онда 10 жыл бойы қайтадан кезекке тұра алмайсыз», - деді Қ. Шарлапаев Парламент Мәжілісінде тілшілер сұрағына жауап бере отырып.

Бұл тұрғыда ол кейбір тұрғындар әр бес жыл сайын қайтадан баспана кезегіне тұрып жатқанын айтты.

«Өкінішке қарай, мемлекеттен пәтер алуға құқығы бар кей азаматтардың қазіргі қолданыстағы бесжылдық мерзімді пайдаланып, қайтадан кезекке тұрып жатқаны бар. Яғни әр бес жыл сайын пәтер алып отырған. Мұндай оқиғалар анықталып жатыр. Кезек бойынша мемлекеттен бір рет пәтер алып, кейін оны сатып жібергендер бар. Араға бес жыл салып бұл адам қайтадан кезекке тұрып жатса, бұл жағдай баспанасын күтіп жүрген мүгедек балалар мен көпбалалы аналар алдында әділетсіз деп санаймын. Біз бұл шектеуді 10 жыл мерзімге белгілеуді ұсынып отырмыз», - деді министр.

Дереккөз:kaz.inform

6
Контакты

Главный редактор: Мадина Жатканбаева

+7 777 471 71 40

777kakon@mail.ru

Мы в социальных сетях

© Свидетельство о постановке на учет периодического печатного издания, информационного агентства и сетевого издания №KZ15VPY00079493 выдано 19.10.2023