Абай облысында мүгедектігі бар адамдар үшін 2023 жылы 170-тен астам объект бейімделді

2023 жылы Абай облысында мүгедектігі бар адамдардың заңды құқықтарын қамтамасыз ету және олар үшін қолжетімді ортаны қалыптастыру мақсатында 175 әлеуметтік инфрақұрылым нысаны толық бейімделді, деп хабарлайды ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі.

Абай облысында 2023 жылы жергілікті атқарушы органдар 175 нысанда мүгедектігі бар адамдардың барлық санаттары үшін бейімдеу жұмыстарын жүргізді.

«Бұрынғы кезеңмен салыстырғанда облысымызда 2023 жылы мүгедектігі бар адамдарға бейімделген нысандар саны айтарлықтай өскені көз қуантады. Олардың ішінде білім беру, мәдениет, денсаулық сақтау мекемелері, халыққа қызмет көрсететін ұйымдар бар. Егер бұдан бұрын сыртқа пандустар орнату қажеттілігі туралы ғана айтатынбыз, ал қазір ғимараттардың іші де тиісті ережелерге сәйкес бейімделуде. Іргелес аумақ та ретке келтіріліп, мүгедектігі бар адамдарды тасымалдайтын машиналарға арнайы тұрақтар жасақталуда. Нысандардың иелері қол жетімді ортаны құруға жауапкершілікпен қарай бастады. Шынын айту керек осындай оң өзгерістер көңілге медет береді. Өмір болғасын кез келген кісі жүріп-тұруы төмен топ санатында болуы ықтимал, мысалы, аяғын сындырып, уақытша мобильділігі төмен адам болуы мүмкін», – деді «Тірек-Опора» мүгедектер қоғамдық бірлестігінің басшысы Никита Винокуров.(Дерeккөз:ortcom)

6
Контакты

Главный редактор: Мадина Жатканбаева

+7 777 471 71 40

777kakon@mail.ru

Мы в социальных сетях

© Свидетельство о постановке на учет периодического печатного издания, информационного агентства и сетевого издания №KZ15VPY00079493 выдано 19.10.2023