"7 жылға сотталуы мүмкін": Блогер Жанабыловтарға қатысты тағы бір айып тағылды

Бұл туралы отбасының адвокаты Жасұлан Рахымғалиев хабарлады.

Еліміздегі ең оқырман саны көп Ерболат Жанабылов пен Эльмира Төлегеноваға қатысты қылмыстық іс қайта қозғалды.

Құқық қорғаушының сөзінше, блогерлердің іс-әрекеттері Қылмыстық кодекстің 214-бабының 2-бөлігі және 218-бабының 2-бөлігі бойынша тіркелген. Заңсыз кәсіпкерлік қызметпен байланысты көрінеді.

"Бұл жолы Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 218-бабының 2-бөлігі - Қылмыстық жолмен алынған ақшаны немесе басқа мүлікті заңдастыру (жылыстату) бойынша екінші қылмыстық іс қозғалды. Бұл бап бойынша жеті жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалған. Ашығын айтқанда, бұл ең "ауыр" баптардың бірі. Әдетте іс әдейі қиындатылған кезде қосылады. Бірақ біз мұның бәрі қайда апарып соғатынын түсінеміз. Мен қорғауды жалғастырамын және барлық ақпаратты жария түрде айтамын",– деп жазды адвокат.

10
Контакты

Главный редактор: Мадина Жатканбаева

+7 777 471 71 40

777kakon@mail.ru

Мы в социальных сетях

© Свидетельство о постановке на учет периодического печатного издания, информационного агентства и сетевого издания №KZ15VPY00079493 выдано 19.10.2023