Продюсер жас күнінде өте арық болғанын жасырмады.
Оған оқырмандарының арасынан "Қатты толып кетіпсіз" деген комментарий жазылған.
"1 келі де қосқаным жоқ. Камераға жақын түссең толық көрсете береді. Өзіңіз де түсіп көріңіз көресіз. Иә, кейде көргендер "Сені экраннан көргенімізде толық, дәу етіп елестетуші едік, бір уыс екенсің ғой" деп айтып жатады. Толсам да, толатын уақытым болды ғой. Жасым 57-ге келді", – деді Гүлзира Үсенқызы.
Сондай-ақ продюсер жас күнін де есіне алды.
"Қайратты босанғанда 56-60 келіден 44 келіге түстім. Үш ұлымды босанып, кенжем 5 жасқа келгенше өте арық болдым. Арықтығымнан қатты ұялып ашыған сусынға дейін іштім. Қатты арық әрі сүйек болып тұрған да жаман екен. Бір кездері шашыма химия жасатып бұйралап та жүрдім. Ойым – толық болып көріну. Ол күндер де кетті. Адамның өзіне көңілі толуы қиын екен. Кейін ойладым, қандай болсам да денім сау болса болды. Мен қандаймын ел солай қабылдасын деп ойлаған кезде ақырындап тола бастадым. Қазір 74 келіні ұстап тұрмын. Ол салмақтан өзгермегелі біраз болып қалды. Алла денімізге саулық берсін, бастысы", – деп жазды продюсер.
Главный редактор: Мадина Жатканбаева
+7 777 471 71 40
777kakon@mail.ru
© Свидетельство о постановке на учет периодического печатного издания, информационного агентства и сетевого издания №KZ15VPY00079493 выдано 19.10.2023