Халық әртісі жеке парақшасында жазба жариялады.
Айта кетейік, 5 ақпанда Hunan TV телеарнасында "Voice Beyond Horizon" халықаралық музыкалық жаңа жобаның тұсауы кесіледі. Димаш Ққдайберген – атқарушы продюсер.
"Осыдан тоғыз жыл бұрын Hunan TV арнасындағы "Singer" жобасы менің әлемдік аудиторияға шығуыма жол ашты. Бүгін дәл осы арнада жаңа шоуды іске қоса отырып, мен әлемдік музыка кеңістігінде жаңа есімдердің танылуына мүмкіндік бергім келеді. Әртүрлі мемлекеттерден келген сегіз вокалистің орындауындағы өнері мен көрермендің эмоциялары арқылы мен Қазақстанды өзім сезінген болмысымен таныстырғым келеді. Аталған жобаның негізгі екі мақсаты бар: біріншісі, әлем жұртшылығын еліміздің мәдени кеңістігімен таныстыру болса, екіншісі, болашақта әлемдік деңгейде танылатын жаңа жұлдыздың үлкен сахнаға шығуына мүмкіндік жасау", – деп жазды Димаш.
Бағдарламаға Қазақстанның, Қытайдың, Қырғызстанның, Италияның, Малайзия мен Сербияның орындаушылары қатысады. Өткен жылдың қыркүйек айында олар Қазақстанның 6 өңірлерін аралап, 7 мың шақырымнан астам жол жүріп өтті.
Жобаға "Kazakh Tourism" ұлттық компаниясы, Туризм және спорт, Мәдениет және ақпарат министрліктері, Астана, Алматы қалаларының және Алматы, Ақмола, Түркістан, Маңғыстау облыстарының әкімдіктері ұйымдастырушылық қолдау көрсеткен. Демеушілер ретінде "Qarmet", "Қазақмыс", "Алтын Алмас" компаниялары мен Нұрлан Смағұлов қоры да атсалысқан.
Главный редактор: Мадина Жатканбаева
+7 777 471 71 40
777kakon@mail.ru
© Свидетельство о постановке на учет периодического печатного издания, информационного агентства и сетевого издания №KZ15VPY00079493 выдано 19.10.2023