"500 мың теңге гонорарыма үй тұрғыздым": Дариға Бадықова 10 жыл бұрынғы сәтін бөлісті

Актриса киноға түсетін қаламақысын да жасырмады.

Дариға Бадықова әлеуметтік желіде трендке айналған 2016 жылғы сәтті есіне түсірді.

"Әр оқиғаның еске түсетіні сөзсіз. "Қазақша бизнесті" түсіріп жатқан кезіміз. Осы кезде көрермен қоршап алып еді. Қазір тіптен көпсіздер. Қорғаным бар. 500 мың теңге гонорар алып, үй тұрғызып бастадым. Кейін үш миллион теңге гонорар алып, екінші үйдің іргетасын қаладым. Оны күштілеп бітіріп алдым. Әр түрлі кезеңнен өту – заңдылық. Ең бастысы, әрекет, несібе, ниет", – деп жазды актриса.

Сондай-ақ кино жұлдызы осы күнге маңдай терімен жеткенін де айтты.

"Мықты әйелдер ешкімге ұнамайды. Өйткені олар ешкімге жүгінбейді. Ешкімнен ештеңе күтпейді. Бәрін өз күшімен, өз жүрегімен жасайды. Мен де сондаймын. "Мынаны тауып бер, ананы алып бер" деп сұрауды білмеймін. Біреуден бірдеңе сұрап, телміріп отыру – маған жат", – деді Дариға.

47
Контакты

Главный редактор: Мадина Жатканбаева

+7 777 471 71 40

777kakon@mail.ru

Мы в социальных сетях

© Свидетельство о постановке на учет периодического печатного издания, информационного агентства и сетевого издания №KZ15VPY00079493 выдано 19.10.2023