360 мыңнан астам ауыл оқушысы жаңғыртылған мектептерде білім алуда

Былтыр шағын қалалар мен ауылдардағы 1008 мектепте инфрақұрылымды жақсарту жұмыстары жүргізілген болатын. Бұл мектептерде 360 мыңнан астам бала білім алуда, деп хабарлайды ҚР Оқу-ағарту министрлігі.

Ауыл мектептерін жаңғырту жобасында күрделі немесе ағымдағы жөндеу, пән кабинеттерімен жабдықтау, мектеп жиһаздарын жаңарту, кітапханаларды, асханаларды, қауіпсіздік жағдайларын жақсарту және жоғары жылдамдықты интернетпен қамтамасыз ету көзделген. Бастысы – мектептерді балалар үшін ең жайлы және қауіпсіз орынға айналдыру.

«Жаңғырту аясында 653 мектепте күрделі және ағымдағы жөндеу жұмыстары жүргізіліп, 612 заманауи пәндік кабинеттер орнатылды. 587 мектепте жиһаз, 771 мектепте кітапхана жаңартылды, 263 мектепте асхана жаңғыртылды. 715 мектепте қауіпсіздік жағдайы жақсартылды», – дейді ҚР Оқу-ағарту министрлігі Инфрақұрылымды дамыту департаменті директорының орынбасары Марлен Қасенов.(Дереккөз:ortcom)

Қазіргі таңда республика бойынша мектептерде химия, физика, биология, STEM және робототехника бойынша 1516 заманауи пәндік кабинет ашылды. Биыл тағы 1000 заманауи мектеп кабинет ашу жоспарлануда. Жалпы, 2025 жылға қарай 5 мың ауыл мектебін жаңғырту жоспарланып отыр.

7
Контакты

Главный редактор: Мадина Жатканбаева

+7 777 471 71 40

777kakon@mail.ru

Мы в социальных сетях

© Свидетельство о постановке на учет периодического печатного издания, информационного агентства и сетевого издания №KZ15VPY00079493 выдано 19.10.2023