"35 миллион теңге сұраймын": Рамазан Амантай гонорарын жасырмады

Кино жұлдызы алғаш рет қаламақысын жариялады. Бұл туралы журналист Жанар Байсемізге айтып берді.

"Мені көпшілік "Айналайын" киносы арқылы таниды. Одан кейін Нұрлан Қоянбаевтың киносына түстім. Ол кезде "Перкош" образын сомдадым. Халық әлі күнге дейін ұмытпады. Қазір өзімді теңдессіз актермін деп есептеймін. Құным өте жоғары. Бір киноға түсу үшін 30 миллион теңгеден көп сұраймын. Сол кезде мені ешкім шақырмайды. Өйткені өзімнің жобам көп. Қазір кинопродюсер болып жүрмін. Қолым тимейді. Бұрын Нұрлан ағаның ғана киносына түсетін едім. Киноға түсу мен кино түсіру екі бөлек әлем. Кино продюсер болып жүріп, 1 миллион теңге пайда көрмеуің де мүмкін. Әншілерге ән жазғанда да бағамды өсіріп қоямын. Кейбір әншілер 1 миллион теңгені көп көреді де, бұрылып кетіп қалады. Сондай кезде өзімнің киноларыма алаңсыз кірісемін", – дейді Рамазан.

Одан кейін продюсер болып, 100 миллион теңгеге алданып қалғанын да айтты.

"Кино түсіремін деп неше түрлі жағдайға тап болдым. Сеніп жүрген адамдарым сатып кетті. 100 миллион теңгеге алданып қалдым. Қазір соны төлеп жатырмын. Ең сенімді деген адамым алаяқ болып шықты. Қазір ол кісі үйқамақта отыр екен. "Әкеге апарар жол" мен "Хотя бы в кинода 3" фильмін түсіреміз деп келіскен едік. Мен қатты күйзеліске түсіп кеттім. Аға мен бауыр дегенге қатты сенетін едім. Әлі күнге дейін қарыз төлеймін. Сенген адамым әркімнен қарыз ала берген. Соңында өзім төледім", – дейді кино продюсер.

11
Контакты

Главный редактор: Мадина Жатканбаева

+7 777 471 71 40

777kakon@mail.ru

Мы в социальных сетях

© Свидетельство о постановке на учет периодического печатного издания, информационного агентства и сетевого издания №KZ15VPY00079493 выдано 19.10.2023