21 мыңнан астам этникалық қазақ қандас мәртебесін алды

2023 жылы 21 325 этникалық қазақ тарихи отанымен табысып, қандас мәртебесін алды. Жалпы 1991 жылдан бері республикаға 1 млн 128,3 мың этникалық қазақ оралды, деп хабарлайды ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі.

Өткен жылы Қазақстанға келген қандастардың жартысы (50,3%) Өзбекстаннан, 21,5% – Қытайдан, 10,2% – Моңғолиядан, 9,2% – Түрікменстаннан, 6,8% – Ресейден және 2% басқа елдерден.

2024 жылғы 1 қантардағы жағдай бойынша еңбекке қабілетті жастағы этникалық қоныс аударушылар саны 60,2%-ды, еңбекке қабілетті жастан кіші 30,9%-ды және зейнеткерлер 8,9%-ды құрайды.

Еңбекке қабілетті жастағы қандастардың ішінен білім деңгейі бойынша 15,3%-ы жоғары білімді, 32,4%-ы орта кәсіби білімді, 44,3%-ы жалпы орта білімді, және 8,3%-ының білімі жоқ. Қоныс аударған этникалық қазақтар республиканың түрлі өңірлеріне қоныстанды.

Сонымен бірге, қандастарды қоныстандыру үшін келесідей еңбек күші тапшы өңірлер анықталды: Ақмола, Абай, Қостанай, Павлодар, Шығыс және Солтүстік Қазақстан облыстары.

2024 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша қоныстандыру өңірлеріне 2 337 қандас көшірілді, бұл 2023 жылға бекітілген квотаға сәйкес келеді.

Жоғарыда аталған өңірлерде қоныстанған қандастарға көшуге субсидия түрінде мемлекеттік қолдау шаралары ұсынылады – бір мезгілде отағасына және отбасының әрбір мүшесіне 70 АЕК (2023 жылы – 241,5 мың теңге) мөлшерінде; тұрғын үй жалдауға және коммуналдық қызметтерге ақы төлеуге – бір жыл ішінде 15-тен 30 АЕК (2023 жылы – 51,7-ден 103,5 мың теңгеге дейін) мөлшерінде.

2023 жылы 2126 қандасқа түрлі қолдау шаралары көрсетілді. Атап айтқанда, 735 адам тұрақты жұмысқа орналастырылды, 2126 адам біржолғы субсидия алды, ал 694 қандасқа тұрғын үй шығындары субсидияланды.(Дереккөз:ortcom)

11
Контакты

Главный редактор: Мадина Жатканбаева

+7 777 471 71 40

777kakon@mail.ru

Мы в социальных сетях

© Свидетельство о постановке на учет периодического печатного издания, информационного агентства и сетевого издания №KZ15VPY00079493 выдано 19.10.2023