2028 жылы ауыл шаруашылығы өнімдерін өңдеу үлесін 70%-ға жеткізу жоспарланып отыр

Биыл Ауыл шаруашылығы өнімдерін өңдеуді дамыту жөніндегі 2024-2028 жылдарға арналған кешенді жоспар бекітілді. Бұл жоспарда қайта өңдеу кәсіпорындарын арзан шикізатпен қамтамасыз ету, негізгі және айналым қаражаттармен толықтыру, сондай-ақ жаңа нарықтарды ашу үшін қайта өңделген өнімдердің экспорттық әлеуетін арттыру қарастырылған.

«Жалпы кешенді жоспар шеңберінде 58 инвестициялық жоба қарастырылған. Оның ішінде 5 жыл ішінде ауыл шаруашылығы өнімдерін қайта өңдеуді 70% жеткізу, азық-түлік өнімдерін өндіру көлемін 1,4 есеге арттыру және осы салаға тартылатын инвестиция көлемін 2028 жылы 1 трлн жеткізу бойынша индикаторлар көрсетілген», - деді ҚР АШМ Аграрлық азық-түлік нарықтары және ауыл шаруашылығы өнімін қайта өңдеу департаментінің директоры Назгүл Хатепова ОКҚ алаңында өткен баспасөз конференциясында.

15
Контакты

Главный редактор: Мадина Жатканбаева

+7 777 471 71 40

777kakon@mail.ru

Мы в социальных сетях

© Свидетельство о постановке на учет периодического печатного издания, информационного агентства и сетевого издания №KZ15VPY00079493 выдано 19.10.2023