2026 жылы Су ресурстарының ұлттық ақпараттық жүйесін іске қосу жоспарланып отыр

ҚР Су ресурстары және ирригация министрлігі су ресурстарын пайдалану мен қорғауға байланысты шешімдер қабылдау кезінде ашықтықты, аналитикалық қолдауды автоматтандыруды қамтамасыз етуге мүмкіндік беретін Су ресурстарының ұлттық ақпараттық жүйесін әзірлеп жатыр. Бұл туралы ОКҚ алаңында өткен баспасөз конференциясында ведомствоның вице-министрі Аслан Абдраимов мәлімдеді.

«Ұлттық су ресурстары ақпараттық жүйесінің негізгі мақсаттарының бірі – су ресурстарын басқару үдерістерін цифрландыру және оңтайландыру, су нысандарының жай-күйін нақты уақыт режимінде мониторингтеу, су ресурстарын қысқа және ұзақ мерзімді болашаққа болжау мен талдау, сондай-ақ басқаруға кешенді көзқарасты қамтамасыз ету үшін мемлекеттік деректер базасымен интеграциялау, – деп нақтылады спикер.

Оның айтуынша, су ресурстарының ұлттық ақпараттық жүйесін іске асырудың нәтижесінде су ресурстарын есепке алу және басқару бойынша бірыңғай цифрлық платформа құрылады. Жерүсті және жерасты сулары, гидротехникалық құрылыстар және басқа да су шаруашылығы нысандары туралы деректер цифрландырылады.

«Болашақта жасанды интеллект пен ғарыштық мониторинг деректерін қолдану елдің су балансын құруға, нақты қажеттіліктер айқындауға, су ресурстарын пайдалану талдау мен мониторинг жүргізуге мүмкіндік береді. Су ресурстарының ұлттық ақпараттық жүйесін құру жобасын 2026 жылдың соңына дейін аяқтау жоспарланып отыр», - деді спикер.

138
Контакты

Главный редактор: Мадина Жатканбаева

+7 777 471 71 40

777kakon@mail.ru

Мы в социальных сетях

© Свидетельство о постановке на учет периодического печатного издания, информационного агентства и сетевого издания №KZ15VPY00079493 выдано 19.10.2023