2026 жылы Қазақстанда Тимбалэнд, Николь Шерзингер, Баста Раймс концерт қояды

Жағымды жаңалықты "Kazakh Tourism" ұлттық компаниясы басқарма төрағасы Талғат Ғазизов мәлімдеді.

2026 жылы елімізге Тимбалэнд, Николь Шерзингер, Баста Раймс және өзге де әлемдік жұлдыздар келіп, концерт қоймақ. Сол үшін арнайы штаб та құрылған.

"Биыл әлемдік жұлдыздардың қатысуымен бірқатар ірі концерттік іс-шаралар өткізу жоспарланып отыр. Бұл көрсеткіш 2023 жылмен салыстырғанда үш есеге өскен. Биыл өңірлерге басымдық бере отырып, турлар санын одан әрі арттыруға міндеттіміз. Алғашқы концертке Тимбалэнд, Николь Шерзингер, Баста Раймс және басқа да әртістер қатысады. Концерт мамыр айына белгіленген», – деді Ғазизов Үкімет отырысында.

8
Контакты

Главный редактор: Мадина Жатканбаева

+7 777 471 71 40

777kakon@mail.ru

Мы в социальных сетях

© Свидетельство о постановке на учет периодического печатного издания, информационного агентства и сетевого издания №KZ15VPY00079493 выдано 19.10.2023