2024 жылдан бастап сақтандыру ұйымдарының клиенттері үшін сотқа шағым түсірмес бұрын сақтандыру омбудсменіне жүгіну міндетті болды. Жеке тұлғалар үшін омбудсменге жүгіну тегін, бағалаушыларды немесе заңгерлерді тартуды қажет етпейді.
«2024 жылы сақтандыру омбудсмені 8 875 істі қарады, оның ішінде сотта 18 шешімге шағымданылды, 2 шешім сотпен бұзылды. Бұл жақсы көрсеткіш. Біз омбудсманмен бірге осындай жағдайларды барынша азайту бағытында жұмыс істейміз», – деді ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі төрағасының орынбасары Мария Хаджиева ОКҚ алаңында өткен баспасөз конференциясында.
Главный редактор: Мадина Жатканбаева
+7 777 471 71 40
777kakon@mail.ru
© Свидетельство о постановке на учет периодического печатного издания, информационного агентства и сетевого издания №KZ15VPY00079493 выдано 19.10.2023