2024 жылы ел экономикасы кемінде 5,3% деңгейінде өсу болжамдылығы бар

Өткен жылдың қорытындысына сәйкес ел экономикасы жаңа жағдайларға бейімделіп, орнықты даму жолына түсті. Қабылданған шаралар нәтижесінде экономиканың өсімі 5,1%-ды құрады, деп хабарлайды Primeminister.kz.

Негізгі салалардың барлығы оң динамика көрсетті: құрылыста – 13,3%, саудада – 11,3%, ақпарат және байланыс қызметтері – 7,1%, көлік қызметі – 6,9%, өнеркәсіп – 4,3%.

Негізгі капиталға салынған инвестиция 13,7%-ға өсті. Бұл ретте 2023 жылдың 9 айында тікелей шетелдік инвестиция (ТШИ) көлемі $19,7 млрд-ты құрады. Оның ішінде $11 млрд-тан астамы шикізаттық емес секторларға бағытталған. Жалпы 2 жыл қатарынан ТШИ көрсеткіштері соңғы онжылдықтағы ең жоғары көрсеткіштердің біріне айналды – олардың жылдық көлемі $26-28 млрд деңгейінде. Қазақстан ТМД елдері арасында шетелдік инвестициялардың жалпы ағыны бойынша көш бастап тұр.

2023 жылдың 11 айында сыртқы сауда айналымы 2,2%-ға өсіп, $126 млрд-ты құрады. Оң сауда балансы $16 млрд-тан асты. Шикізаттық емес экспорт номенклатурасы 141 позицияға өсті.

Еліміздің халықаралық резервтері $96 млрд-ты құрады, оның ішінде Ұлттық қордың активтері $4 млрд-қа өсіп, $60 млрд-тан асты. Халықаралық рейтингтік агенттіктер Қазақстан экономикасының тәуелсіз рейтингі мен инвестициялық сенімділігін растады.(Дереккөз:ortcom)

Үкімет Ұлттық банкпен және жергілікті атқарушы органдармен бірлесіп инфляцияны бақылау және төмендету жөніндегі кешенді шараларды іске асыруда. Нәтижесінде өткен жылы ол 2 еседен астам төмендеп, 9,8%-ды құрады. 2024 жылы инфляцияны 6-8% деңгейінде ұстау міндеті қойылды.

2024 жылдың қорытындысы бойынша экономиканың өсуі 5,3%-дан кем болмауы тиіс.

9
Контакты

Главный редактор: Мадина Жатканбаева

+7 777 471 71 40

777kakon@mail.ru

Мы в социальных сетях

© Свидетельство о постановке на учет периодического печатного издания, информационного агентства и сетевого издания №KZ15VPY00079493 выдано 19.10.2023