Көлік министрі Марат Қарабаев биыл құрылыс-монтаждау жұмыстарымен 10,7 мың км автомобиль жолдары қамтылғанын, оның ішінде 6,5 мың км республикалық маңызы бар трассалар, 4,2 мың км жергілікті жолдар екенін мәлімдеді. Жүргізілген жұмыстардың қорытындысы бойынша республикалық деңгейде нормативтік жай-күйдегі жолдардың үлесі 92%-ға, жергілікті деңгейде 87%-ға жетеді.
Ірі жобаларға келетін болсақ, бүгінде Үлкен Алматы айналма жолы, Қандыағаш – Мақат және Үшарал – Достық трассалары бойынша жұмыстар аяқталды. Бұл ретте тұрғындардан түскен шағымдарды ескере отырып, күш-жігер 4-5 жылға созылып келе жатқан негізгі жолдарға бағытталған. Бұл Талдықорған – Өскемен, Қарағанды – Алматы, Мерке – Бурылбайтал, Ақтөбе – Қандыағаш, Атырау – Астрахан автожолдары. Аталған жобалар бойынша елді мекендердегі айналма жолдардан басқа, 923 км-де қозғалыс ашық.
Жоғарыда айталғандарды ескере отырып, Үкімет басшысы автомобиль жолдарына қатысты барлық жоспарланған жобаның уақытылы іске асырылуын қамтамасыз етуді, битумды сақтау инфрақұрылымын құру бойынша шаралар қабылдауды, оны сақтау және пайдалану технологиясының сақталуын бақылауды қамтамасыз етуді тапсырды. Сонымен қатар Үкімет басшысы құрылыс және жол бойындағы қызмет көрсету объектілерін кеңейту жобаларына арналған жер учаскелерін беру тәртібін оңайлату мәселесін пысықтау керектігін айтты.
«Әкімдіктер азаматтардан жол сапасына қатысты келіп түсетін шағымдар бойынша уақытылы шаралар қабылдауы қажет. Өңірлік трассалар – жергілікті атқарушы органдардың жауапкершілігінде. Жол жағдайына тұрақты мониторинг жүргізіп, оларды жөндеу бойынша шұғыл шаралар қабылдау қажет», — деп түйіндеді Әлихан Смайылов.
Дереккөз: ortcom
Главный редактор: Мадина Жатканбаева
+7 777 471 71 40
777kakon@mail.ru
© Свидетельство о постановке на учет периодического печатного издания, информационного агентства и сетевого издания №KZ15VPY00079493 выдано 19.10.2023