Мемлекеттік кірістер комитеті тауар айналымын ұлғайту және кедендік әкімшілендіруді жетілдіру бойынша ауқымды жұмыстарды жүргізуде.
Тауар айналымын ұлғайту және кедендік әкімшілендіруді жетілдіру бойынша жүргізілген жұмыстың нәтижесінде 2023 жылдың
10 айында ЕАЭО елдері арасында бөлінгеннен кейін Қазақстан Республикасының мемлекеттік бюджетіне кедендік төлемдер мен салықтардың көлемі 3 трлн. 256 млрд. теңгеге жетті, бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 14%-ға артық.
Бұл туралы ҚР ҚМ Мемлекеттік кірістер комитеті Бақылау департаментінің директоры Елдос Саудабаев баспасөз конференциясы барысында хабарлады.
Жалпы, соңғы 2 жылда өткен жылдардың статистикасымен салыстырғанда кедендік төлемдер мен салықтар түсімінің оң динамикасы сақталуда. Сондай-ақ кедендік төлемдер мен салықтардың Республикалық бюджетке жалпы түсімдердегі үлес-салмағы өскені байқалады (экспорттық кеден баждарын қоспағанда).
Осылайша, егер өткен жылдары экспорттық кеден баждарын қоспағанда бюджеттегі үлесі орта есеппен 15% құраса, 2022 жылы 17,5%, ал аяқталмаған 2023 жылы 19,3 %-ға жетті.
Сондай-ақ, импорт үшін ҚҚС түсімдері 1,5 трлн. теңгені құрап, бұл көрсеткіш 2022 жылы түскен түсімдерден 110 млрд. теңгеге артық.
Соңғы 2 жылда ИМ-40 процедурасы бойынша салмағы 1 кг тауарға импорт үшін ҚҚС өндіру тиімділігі 1,5 есеге, оның ішінде Қытайдан 1,5 есеге, Түркиядан 1,5 есеге, БАӘ бойынша 2 есеге өсті.
Главный редактор: Мадина Жатканбаева
+7 777 471 71 40
777kakon@mail.ru
© Свидетельство о постановке на учет периодического печатного издания, информационного агентства и сетевого издания №KZ15VPY00079493 выдано 19.10.2023