Айтыскер ақын 7 карат бриллиант сақинаны тақты.
"750 сынамалы ақ алтыннан жасаған сақинаны сатып алдым. Екі жылдан бері армандап, жеттім-ау. Маған 3 карат жарайды деуші едім, 7 карат бұйырды. Әрі арзан бағада таптым. Сапасы да керемет екен. Мен жақсылыққа тағайын, сіздерге жұғысты болсын", – деп жазды коуч-психолог.
Одан кейін айтыскер ақын гауһартасты әшекейді алғаш рет 40 жасында таққанын айтып берді.
"Ер адамның жағдайының жақсы екенін астындағы көлігінен білеміз. Әйел адамның жағдайын алтын-бриллианттарына қарап білеміз. Алғаш рет бриллиантты 40 жасымда тақтым. Қызыма 6 жасынан бері тағып келемін. Қызымнан бриллиантты үзген емеспін. Қаншама ақша тауып жүрсек те, өзіме қымбат сақина сыйламаппын", – деді Айнұр Тұрсынбаева.
Фото: Айтыскер ақынның жеке парақшасынан алынды.
Главный редактор: Мадина Жатканбаева
+7 777 471 71 40
777kakon@mail.ru
© Свидетельство о постановке на учет периодического печатного издания, информационного агентства и сетевого издания №KZ15VPY00079493 выдано 19.10.2023