17 жыл құлдықта болған Құндыз бен Назгүл қауіпсіз жерге көшірілді

Бұл туралы журналист Руслан Өтепбай айтты.

"Құндыз бен Назгүлді қамқоршысы Зүлфия Төленованың үйінен қауіпсіз ортаға көшірдік. Алдағы уақытта қыздар осы жерде болады. Кейін олардың жағдайына сай тағы да жайлы, тұрақты орын қарастырамыз. Қыздардың тағдырына алаңдап, уайым білдіріп жатқан барша қазақ еліне көп рақмет", – деп жазды журналист.

Одан кейін әлеуметтік желіге таралған видеоға қатысты пікір білдірді.

"Қазір әлеуметтік желілерде Құндыздың маған қатысты айтқан балағат сөздері таралып жатыр. Оған мән бермеулеріңізді сұраймын. Бұл видеоны түсіріп, таратқан адамның мақсаты – психологиялық тұрғыда әлсіз, аурушаң қызды пайдаланып, ел алдында жаманатты ету. Сондықтан артық арандатуға ермейік", – деді медиа маманы.

12
Контакты

Главный редактор: Мадина Жатканбаева

+7 777 471 71 40

777kakon@mail.ru

Мы в социальных сетях

© Свидетельство о постановке на учет периодического печатного издания, информационного агентства и сетевого издания №KZ15VPY00079493 выдано 19.10.2023