«161 келіге жеттім»: Актер Рамазан Амантай салмақ тастауды бастады

Танымал актер отандық кино саласына өз үлесін қосып келеді.

Салмағына байланысты түрлі сынға қалған еді.

“Мен өзгеремін деп шештім. Маған үлкен қолдауларыңыз керек. Дәл осы сәттен бастап өзімді қолға алмасам, 36 жасымда өмірім тоқтауы мүмкін. Болды, шегінерге мүлде жол жоқ. Уәде берейін не бермейін, оның маңызы жоқ. “Алдында да бастадың, тағы тастайсың” десеңіздер де өз еріктеріңізде. Менде басқа амал жоқ”, – деп жазды ол.

Бүгінде актер дәрігер бақылауында жүр. Жаттығу залына жазылған.

“Дәрігерлерге қаралдым, толық тексерістен өтіп жатырмын. Аппараттық тексерулерден өттім. Нәтижесін көргенде егер бүгін өзімді қолға алмасам, денсаулығым 36 жасқа дейін ғана жетеді екен. Әрине, бәрі бір Аллаға аян. Өмірді де беретін Алла, бірақ сақтанғанды сақтайды. Денсаулық – Құдайдың аманаты, сол үшін нар тәуекел. Өздеріңізге қарап жүріңіздер. Салмақты қалай жинап алғанымды өзім де білмей қалдым. Жинау оңай, ал тастау өте қиын. Жайылмаңыздар”, – деп кеңес берді актер.

48
Контакты

Главный редактор: Мадина Жатканбаева

+7 777 471 71 40

777kakon@mail.ru

Мы в социальных сетях

© Свидетельство о постановке на учет периодического печатного издания, информационного агентства и сетевого издания №KZ15VPY00079493 выдано 19.10.2023