"13 жыл бойы жыладық": Елдос "Колобок" жан сырын ақтарды

Желі жұлдызы жақында бесік той өткізген еді.

Елдос Кәдірханов 10 жыл сәби күткенін айтып берді.

"13 жыл емделу. 13 жыл жылау мен кінәлі сезіну. 13 жыл бойы жеңіс жоқ. Бірақ бір қырсық мінезім бар. Аяғына дейін берілмеймін. Бұл соңғы ота еді. Бірнеше сағат бойы жасалған күрделі ота еді. 13 жылдан кейін "Сіз әке боласыз" дегенді естігенде "Аллаға шүкір" дедім. Біз сияқты сәби аңсап жүрген отбасыларға айтарым, берілмеңіздер", – деді блогер.

Одан кейін не үшін дүркіретіп той жасағанын түсіндірді.

"Енді түсінген боларсыз, не үшін дүркіретіп той жасағанымды. Қаншама емделу мен босқа шашылу болды. Әр дәрігер "Мен ештеңе жасай алмадым" деп айтқан еді. Өте көп ота жасаттым. Бірақ ешқайсысы нәтиже бермеді. Бірақ жанымда әйелі болды. Ақырына дейін бардық. 2016 жылы үйленіп, 2026 жылы бесік той жасадық", – деп жазды Елдос.

19
Контакты

Главный редактор: Мадина Жатканбаева

+7 777 471 71 40

777kakon@mail.ru

Мы в социальных сетях

© Свидетельство о постановке на учет периодического печатного издания, информационного агентства и сетевого издания №KZ15VPY00079493 выдано 19.10.2023