Актердің әйелі Ақтолқын Сейт алғаш рет жеке өмірінен сыр шертті.
Олар 2024 жылы заңды неке қиып, отбасылық өмірлерін бастады.
"Бір күні Жахан сторисіме реакция жіберді. Мен лүпіл бастым. Тұрмыстасың ба?" деп сұрады. Жоқ деп жауап бердім. Сол кезде ол бәрін ашық айтты. "Ниетім – үйлену. Кездесейік. Бір-бірімізді ұнатып жатсақ, әріқарай бірге өмір сүрейік" деді. Мен шошып кеттім. Ондай ұсынысқа дайын емес едім. Ол кезде Оралда еді. Алматыға келгесін түскі ас іштік. Бәрін ашық айтты. Мен оның киноларын ғана көргенмін. Өткен өмірінен хабарсыз едім. Бір-бірімізді ұнаттық.Мен екінші кездескенде келісім бердім", – деді блогер.
Сондай-ақ, Жахан Отарғалиевтің ол кезде көп қарызы бар екенін жасырмады.
"Түскі аш ішіп отырғанда қалтасында тек 100 мың теңге барын айтты. 100 миллион теңге қарызы барын да айтып салды. "Маған сенсең болды. Ештеңеден мұқтаж етпеймін" деді. Аллаға шүкір, уәдесінде тұрды. Қарыздарынан да құтылды", – деп жазды Ақтолқын Сейт.
Главный редактор: Мадина Жатканбаева
+7 777 471 71 40
777kakon@mail.ru
© Свидетельство о постановке на учет периодического печатного издания, информационного агентства и сетевого издания №KZ15VPY00079493 выдано 19.10.2023